Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
“Құқық әлемі: білімнен әрекетке дейін”
11-01-2018 17:34
“Құқық әлемі: білімнен әрекетке дейін”

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының 2018 жылғы 10 қаңтарында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» бойынша білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс.

Заманына қарай адам демекші қазіргі таңда әлеуметтік желіні пайдаланушылар саны күн сайын артуда.

Әлеуметтік желіде күнделікті отырғанымызбен, әсерлерімізді бөліскенімізбен, көп адамдар әлеуметтік желідегі құқықтық жауапкершілік туралы аз білетінін байқаймыз. Сол олқылықтың орнын толтыру үшін біз осындай ауқымды тақырыпты таңдап, қолға алдық.

2018 жылы 8 қаңтарда Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университеті және «Жас заңгерлер достастығы» Қоғамдық Қоры Семей қаласы білім бөлімінің қолдауымен №3, №9 жалпы орта білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушыларына «Әлеуметтік желідегі құқықтық жауапкершілік» атты семинар- тренинг өткізді.

Семинар- тренинг құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Іс-шара барысында ойлау дағдыларын дамытуға ықпал ететін интерактивті оқыту әдістері, пайдалы ақпарат пен бейнематериалдар пайдаланылды.

Әрбір оқушы өз ойларымен бөлісіп, пікірлерін ортаға салды. Болашақта әлеуметтік желіні пайдалану барысында, құқықтық сауатты жастарымыз болатынына сенімдіміз.