Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Астана қаласындағы ғылыми-тәжірибелік конференция
Астана  қаласындағы ғылыми-тәжірибелік конференция

2018 жылғы 13 қазанда Астана қаласында «Халықаралық экология академиясы, инженерия және педагогика» Халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастыруымен XXXXIV Республикалық (халықаралық қатысумен) оқушылар мен студенттерге арналған «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференция 2 кезеңде өтеді. Бірінші кезеңі - Астанада (Қазақстан Республикасы). Екінші кезеңі - Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы).
Бұл конференцияға Семей қаласының Н.Г.Чернышевский атындағы №1жалпы орта білім беретін мектебінің      11 «А» сынып оқушысы Коркина Валерия қатысты.
Валерияхимия пәнінің мұғалімі Ольга Сускина жетекшілігімен дайындалған «Интерполимер кешендерінің негізінде топырақ жасаушылардың дамуы» тақырыбында ғылыми жобасын ұсынды. Конференцияның  бірінші кезеңінің қорытындысына сәйкес ол  3-ші орынға ие болып медальмен, дипломмен марапатталды.
Осы жобаның ғылыми кеңесшісі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің химия және химиялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Алексей Клювенко болды.