Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНДАҒЫ ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРТЫНДЫСЫ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНДАҒЫ ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРТЫНДЫСЫ

2018 жылдың желтоқсанында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында 7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Олимпиадаға облыстың барлық қалалары мен аудандарының 204 оқушы қатысты.
Жасөспірімдер олимпиадасы оқушылардың жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерге деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау, жоғары деңгейдегі жарыстарға оқушыларды дайындау жүйесін жетілдіру және жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша жарыстарға қатысушылардың резервін құру мақсатында өткізілді.
Семейдің оқушылары математика, физика, химия және биология пәндері бойынша өздерінің білімдері мен дағдыларын көрсетті. Олимпиаданың нәтижелері бойынша жоғары нәтижелер көрсеткен оқушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.


1 Кайратбек Амир 7 сынып,  № 6 гимназия, биология 2 орын
2 Токсеитов Ераслан 8 сынып,  ЖОББ № 29,  физика 1 орын
3 Скакова Карина 7 сынып,  № 6 гимназия, химия 3 орын
4 Аленов Искандер 8 сынып,  № 6 гимназия,  химия 3 орын
5 Абдураимов Нурали 7 сынып,  № 6 гимназия,  математика 1 орын
6 Котлярова Полина 8 сынып,  № 6 гимназия, математика 2 орын.