Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Бастауыш сынып оқушыларының қалалық олимпиадасын өткізу туралы.
Бастауыш сынып оқушыларының қалалық олимпиадасын өткізу туралы.

Дарынды балаларды анықтау, оқушылардың зияткерлік деңгейін көтеру, шығармашылық деңгейін жетілдірумақсатында жалпы пәндер бойынша бастауыш сыныптардың қалалық олимпиадасы өтті. 3-4 сынып оқушылары «Қазақ тілі және әдебиеттік оқу», «Орыс тілі және әдебиеттік оқу», «Математика», «Дүниетану», «Оқыту орыс тіліндегі мектептегі қазақ тілі», «Оқыту мемлекеттік тіліндегі мектептегі орыс тілі», «Ағылшын тілі»  және  «Бейнелеу өнері»пәндері бойынша білім бәсекесіне түсті. Олимпиадаға қала және қала маңындағы мектептерден 980 оқушы қатысты (үшінші сыныптардан 499 оқушы, төртінші сыныптардан 481 оқушы).

Жоғары ұпай жинаған оқушылар 1-3 орындарды иеленді.

Олимпиада қорытындысы бойынша командалық есеп гимназия мен мектеп-лицейлер арасында да анықталды. Білім жағынан үздік деп танылған мекемелер:

І орын –  №6 гимназия;

ІІ орын –  №37 гимназия;

ІІІ орын – №7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей;

ІІІ орын – №22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей.

Оқыту мемлекеттік тілде жүргізілетін жалпы орта білім беретін мектептер бойынша ІІ орынға  №3, 32, 47 ЖОББМ, ІІІ орынға №30 ЖОББМ ие болды. Орыс тілінде оқитынмектептер бойынша ІІ орынды  №15, 40 ЖОББМ, ІІІ орынды  №1, 10, 27, 28, 30, 35  ЖОББМ иеленді (3 сыныптар).

Оқыту мемлекеттік тілде жүргізілетін мекемелер бойынша І орынға                            №3 ЖОББМ, ІІ орынға №30 ЖОББМ, ІІІ орынға №32,39 ЖОББМ ие болды. Орыс тіліндегімектептер бойынша ІІ орынды  №1, 4 ЖОББМ, ІІІ орынды  №29, 35, 40 ЖОББМ иеленді (4 сыныптар).

  Қалалық олимпиаданың жеңімпаздары 2019 жылғы сәуір айында өтетін «Балдырған» облыстық олимпиадасына жолдама алды.