Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ ПӘНДЕРІНЕН ЖАКУЛА КҮШІКҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ ПӘНДЕРІНЕН ЖАКУЛА КҮШІКҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2019 жылғы 10-12 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы білім басқармасы 9-11 сынып оқушылары арасында химия және биология пәндерінен Жакула Күшікұлы атындағы облыстық олимпиадасын өткізді.

Олимпиада меценаты қоғамдық-саяси қайраткер, тұңғыш қазақ дәрігері Жакула Күшікұлының немересі Асқар Жакули атындағы «Ас-Ай» қайырымдылық қоры болды. Олимпиада оқушылардың химия мен биологияға қызығушылығын арттыру, дарынды оқушыларды анықтау, интеллектуалды дамуы мен кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз ету мақсатында екінші рет өткізілді.

Олимпиада екі кезеңде өткізілді: теориялық және практикалық. Оқушылар биология және химия саласында зертханалық жұмыстар мен эксперименттер жүргізді, теориялық білімдері мен дағдыларын көрсетті.

Олимпиада аясында мәдени-білім беру бағдарламасы ұйымдастырылды: қалалық драма театрында өткен «Көксерек» қойылымын көру, Өскемен қаласының көрікті жерлеріне саяхат жүргізілді.

«Ертіс концерт» орталық мәдениет сарайында салтанатты түрде олимпиаданың жабылу рәсімі өтті. Олимпиада аяқталуымен қатысушыларды «Ас-Ай» қайырымдылық қорының директоры Сейдолла Гүлнар құттықтады. Жүлдегерлер дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша Семей қаласынан барған 15 оқушыдан І дәрежелі дипломмен - 2;ІІ дәрежелі дипломмен - 5; ІІІ дәрежелі дипломмен – 6 оқушы марапатталды. 

1 орын-  АксактемировАмирлан ,№ 6 гимназия, 10 сынып, химия;

1 орын- Ирбаева Салида,  Шәкәрім ат. үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия, 11 сынып, биология;

2 орын - Ли Алина, №1 ОМ, 10 сынып, химия;

2 орын- Қайрбек Аяжан, № 37 гимназия, 11 сынып, биология;

2 орын- Кунакаева Алиса,  № 6 гимназия, 10 сынып, биология;

2 орын-  Абдулов Эльдар,  № 6 гимназия, 10 сынып, химия;

2 орын-Төлеубекова  Аружан,  Шәкәрім ат. үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия,                      10 сынып, биология;

3 орын - Рамеев Асланбек,  № 6 гимназия, 10 сынып, биология;

3 орын – ДаирбековАнуар,  № 6 гимназия, 10 сынып, химия;

3 орын -  Скрипников Дмитрий,  № 6 гимназия, 11 сынып, химия;

3 орын - Маукенова Балнур,  №16 ОМ, 10 сынып, биология;

3 орын  - МейрамбекСымбат, экономикалық лицей, 9 сынып, химия;

3 орын - Ахметова Ақерке,  Шәкәрім ат. үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия, 10 сынып, химия.