Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Абайтану» оқулықтарының авторы Г.А.Кунафинамен кездесу
05-02-2020 09:03
«Абайтану» оқулықтарының авторы Г.А.Кунафинамен кездесу

2020 жылдың 4 ақпан күні  №48 ЖОББМ аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.Е.Алпысованың  ұйымдастыруымен  «Абайтану» оқулықтарының авторы Г.А.Кунафинамен кездесу өтті. Мақсаты: өскелең ұрпаққа рухани тәрбие беру, Абай Құнанбайұлының шығармашылығын талдай отырып оқушылар бойында адами құндылықтарды тәрбиелеу. Оқушылар оқулық авторымен жүздесе отырып, тәрбиелік мәні зор сұхбат жүргізді. 9 сынып оқушылары «Толық адам» концепциясын талдап, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар мектеп мұражайында тарих пәні мұғалімі  М.Д.Керимханова  «Абай – дана, Абай – дара» атты экспозицияның  ашылуын ұйымдастырды. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық музейі қызметкері Г.Т.Бейсембинова мұражай жұмысына жоғары баға берді.