Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Жаңартылған білім мазмұны аясында дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың негізгі қозғалтқыш қабілеттерін дамыту» атты дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің қалалық семинары
06-02-2020 11:19
«Жаңартылған білім мазмұны аясында  дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың негізгі қозғалтқыш қабілеттерін дамыту» атты дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің қалалық семинары
«№ 18 орта мектеп» КММ базасында «Жаңартылған білім мазмұны аясында  дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың негізгі қозғалтқыш қабілеттерін дамыту» атты дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің қалалық семинары өткізілді.         
Семинар қатысушыларына мектептің «Оқушылардың денсаулығын сақтау және жақсарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру - мектептің басым бағыттарының бірі» атты ақпараттық презентациясы ұсынылды.
Мұғалімдер таза ауада өткізілген екі сабаққа қатысты. 
6 «А» сыныбындағы «Оқушыларға конькимен сырғанау техникасын үйрету» сабағын М. Т. Исембаев,  7 «Б» сыныбындағы «Кедергілерді еңсеруге арналған арнайы-ерекшеленген жаттығулар» сабағын Г. П. Атентаев өткізді. Ал Ю. П. Бобко  «Туризм. Тік көлбеулі  жақтаулармен жұмыс» тақырыбында шеберлік сабағын көрсетті.
Сабақтар жоғары деңгейде өткізілді. Қысқы спорт көп дайындықты қажет етеді, балалар конькиде сенімді тұрады, мұз үстінде жүру және  қозғалу элементтерін еркін орындайды, бұл өткізілетін сабақтардың жүйелілігін көрсетеді. Семинарға қатысушылармен мектеп психологы «Қуаттандырғыш жаттығуы» атты пайдалы психологиялық тренинг өткізді, мұғалімдер жақсы көңіл-күйде және мол тәжірибе алып қайтты.