Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«МҰТЫЛҒАННЫҢ ТАҒДЫРЫ» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ САЙЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
11-02-2020 09:41
«МҰТЫЛҒАННЫҢ ТАҒДЫРЫ» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ САЙЫСЫНЫҢ  ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2020 жылғы 31 қаңтарда Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында қазақ әдебиетіндегі аса көрнекті ақын, ғұлама ойшыл, қоғам қайраткері Ш. Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Мұтылғанның тағдыры» атты білім сайысы өтті.

Сайыстың басты мақсаты – Абайдың ақын шәкірті, жазушы, тарихшы, озық аудармашы, философ, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірін, оның мұрасын жасөспірімдер арасында терең білуге ынталандыру және кеңінен насихаттау.
Сайыс үш бөлімнен тұрды:

І. Үй тапсырмасы. Шәкәрім өмірі мен шығармашылығы жайында өнер (көрініс, ән, хор, т.б.) көрсету.

ІІ. Сұрақтарға жауап беру.

ІІІ.Шәкәрім өлеңдерін жатқа оқу.
Сайыс қорытындысы бойынша   І орынды №47 мектептің оқушысы Н.Сембаева, ІІ орынды №32 мектептің оқушысы М.Мырзахметова,

ІІІ орынды  №3 мектеп оқушысы Ж.Смағұлова  иеленді. 

Жүлделі орын алған оқушыларға бағалы сыйлықтар табысталып, қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.