Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
"Жылды жақсыдан баста" қайырымдылық акциясы
11-02-2020 10:01

2020 жылдың ақпан айында ЮНЕСКО клубтары бар Қазақстанның барлық облыстары мен қалаларында "Жылды жақсыдан баста" акциясы өткізілді. Семей қаласының Балалар өнер мектебі ЮНЕСКО клубының мүшелері де бұл іс-шараға бір кісідей қатысып, өз үлестерін қосты.

Ағымдағы жылдың 06 ақпанында "БМИ" КМҚК ШҚО ББ "Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат" КММ тәрбиеленушілеріне қайырымдылық акциясын өткізді.

Мектеп - интернат тәрбиеленушілері үшін өнер мектебінің музыкалық бөлімінің жас музыканттарының орындауында концерттік бағдарлама ұсынылды :"Көңілді нотки" ансамблі А. Тамарин "ескі гобелен»,"Менуэт" Мориа», Кубалық Халық биі т.б.

Көркем өнер бөлімінің педагогтары "Техника кляксография" тақырыбында мастер-класс өткізді . 

Іс шараның  қорытындыны бөлімінде  Мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне сыйлықтар тапсырылды.

Мектеп-интернат әкімшілігі өзінің және мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің атынан қайырымдылық акциясына қатысқан өнер мектебінің педагогтарына, әкімшілігіне, оқушыларына өз ризашылықтарын білдірді.