Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Ауған жерінде ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерге арналған әскери эстафеталық жарыс
12-02-2020 09:36
Ауған жерінде ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерге арналған әскери эстафеталық жарыс

2020 жылдың 07-ші ақпаныңда «№32 ЖОББМ» КММ Ауған жерінде ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерге арналған қалалық әскери эстафеталық жарыс өткізілді. Жарыстың өткізілу мақсаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы №118 қаулысына сәйкес «Азаматтарды әскери қызметке даярлау, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның материалдық базасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысын іске асыру;

       Міндеттері:

-         Патриоттық тәрбие бере отырып оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау;

-         Оқушылардың әскерде қызмет етуге деген ынталарын арттыру;

-         Жақсы нәтиже көрсеткен командалар мен спортшыларды анықтау;

     Жарыс 2020 жылдың 07-ақпанында Докучаева 57 көшесі «№32 ЖОББМ» КММ өткізілді. Жарысқа қонақ ретінде ауған соғысының ардагері Акимов Мухамеджан Мансурович және Алғашқы әскери дайындық орталығының бастығы Үкібасов Бекен Мұхаметханович шақырылды.

      Жарысқа қатысуға Семей аймағындағы оқу мекемелердің құрамында 5 адамнан (5 ұл) тұратын командалар мүмкіндік алды. Жарысқа қатысқан мектептер: №32, №33, №22, №23, Қазақ түрік лицейі, Арлан клубы.

Жарыс екі сайыстан тұрды:

I-кезең эстафеталық

-         ПВ оқ ату (5 оқ)

-         Жеке қорғаныш толымын кию (ОЗК)

-         АК-74 бөлшектеп, жинақтау

-         Оқжатарды жинақтау

-         Кермеге тартылу

II-кезең

-         Арқан тартыс

Әр қатысушы жарыстын барлық түрлеріне қатысты.

    Бас жүлдені: эстафеталық жарыста I–орын №22, II–орын №32, III-орын Қазақ түрік лицейі иеленді.

    Арқан тартыс сайысында: I-орын Қазақ түрік лицейі, II-орын №32, III-орын №33 мектептері иеленді.