Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Экономика пәнінен республикалық турнирдің қорытындысы
13-02-2020 14:37
Экономика пәнінен  республикалық турнирдің қорытындысы

2020 жылдың 12 ақпанында жалпы орта білім беретін мектептің 10-11 сынып оқушылары  арасында экономика пәні бойынша республикалық турнирдің  облыстық кезеңі өтті.

Турнирдің мақсаты: Экономикаға ғылым ретінде қызығушылық білдіретін оқушыларды анықтау, қолдау көрсету және дамыту.

Экономикалық турнирге Семей қаласынан Экономикалық лицей мен №6 гимназияның 5 оқушысы қатысты.

Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша, 4 қатысушымыз жүлделі орындарға ие болып, дипломдармен марапатталды.

ІІ Дәрежелі диплом - Жаксылыков Акежан (10 сынып, ЭЛ);

ІІІ Дәрежелі диплом – Жақсылықов Ернұр (11-сынып, №6 Г), Жарданбекова Айдана(10-сынып, ЭЛ), Тиштагулова Азиза (11-сынып, ЭЛ).

  Жеңімпаздарды,олардың ата-аналарын және мұғалімдерін құттықтаймыз!