Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Хоккейден қалалық турнир
13-02-2020 18:17
Хоккейден қалалық турнир

2020 жылдың 13 ақпанында «№41 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ Қалалық білім бөлімімен келіcімімен Семей қаласы мектептерінің жасөспірім командалары арасында «Жұлдызша» қалалық турнирдің шайбалы хоккейден екінші кезеңін ұйымдастырды.

Турнир «ШҚО Қалалық білім бөлімі» ММ басшысы Н.В.Фесенкомен келісіліп жасалған  ережеге сай өткізілді. Турнирдің өткізілу мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, қаламызда шайбалы хоккей  спорт түрін жандандыру, жақсы ойыншыларды анықтап, резерв команда қалыптастыру, жасөспірімдерді спортпен жүйелі айналысуға баулу.

Жарыс қала бойынша үздік хоккей алаңдарының бірі  №41 мектептің хоккей алаңында халықаралық хоккей федерациясының ережелеріне сай жүргізілді.

Жарыс алаңына жиналған жанкүйерлер мұз үстіндегі нағыз тартысты ер жігіттердің тамаша ойынының куәсі болды.

Әділқазылар шешімі бойынша І орынды Ибраев атындағы орта мектептің жас хоккейшілері, ІІ орынды №41 мектептің үлкен топ командасы, ІІІ орынды №13 мектеп және №41 мектептің кіші топ командасы иеленді. Жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз.