Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Семей қаласы бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жарысының қорытындысы.
14-02-2020 16:00
Семей қаласы бойынша  оқушылардың республикалық   ғылыми жарысының  қорытындысы.

2020 жылдың 11-14 ақпаны аралығында Алматы қаласында өткен ғылыми жоба жарысының республикалық кезеңіне Семей қаласынан 7 мектептен 9 жобамен 10 оқушы қатысты:   Шәкәрім атындағы үш тілді  гимназия, №1, №7 МЛ, №15 ОМ, №19 ОМ, №23 ОМ, Знаменка ОМ.  Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша 5 мектептен (Шәкәрім атындағы гимназия, №7 МЛ, №15 ОМ, №23 ОМ, Знаменка ОМ) 8 оқушы жүлделі орындарға ие болып,  4 күміс, 4 қола медальмен және ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды:

 - ІІ  дәрежелі Диплом – Жақсыбергенова Жанеля ( №15, 10-сынып, «Тіл білімі» секциясы), Есімхан Нұрай (№23, 11-сынып, «Биология»), Төлеуғазы Алема – Шәкәрім атындағы гимназия, 11-сынып, «Техника» секциясы, Файзуллаев Ернат (Знаменка ОМ, 11-сынып, «Тарих» секциясы);

  • ІІІ дәрежелі Диплом – Ергалиева Амира, Александрова Алина (№7 МЛ, 10-сынып, «Математика» секциясы),  Қуанышев Диас (Шәкәрім атындағы гимназия, 10-сынып, «Қоршаған ортаны қорғау» секциясы), Толеугалиева Мадина (Шәкәрім атындағы гимназия, 9-сынып, «Техника» секциясы).

Республикалық ғылыми жобалар конкурсында ерекше жетістікке жеткені үшін №19 орта мектептің 9-сынып оқушысы Аютченко Станислав «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен марапатталды.

  Жеңімпаздарды,олардың ата-аналарын және мұғалімдерін құттықтаймыз!