Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
XV қалалық "Атамекен" патриоттық әндер байқауы
14-02-2020 16:08
XV қалалық

2020 жылдың 13 ақпанында Балалар мен жастар шығармашылық сарайында дәстүрлі  қалалық ХV "Атамекен" патриоттық әндер байқауы өтті.

Байқау әскери-патриоттық тәрбие айлығы аясында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында өткізілді.

Сайыскерлердің орындауында  қазақстандық композиторлардың патриоттық әндері шырқалды.

            Байқау қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, оқушылардың музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ қазақстан композиторларының шығармашылығын насихаттау мақсатында өткізілді.

"Атамекен" патриоттық әндер байқауына 19 жеке орындаушы мен  7 вокал тобы қатысты. Конкурсқа қатысушылар 6 жастан 10 жасқа дейін, 11 жастан 14 жасқа дейін   жас ерекшеліктері бойынша  өнер көрсетті.

Қазылар алқасына сайыскерлердің бағын  сынау қиынға түсті. Кәсіби қазылар алқасының  құрамына:

  1. Утуленова Мапруза Кадешевна- Мәдениет қайраткері, халықаралық фестивальдер мен конкурстардың лауреаты, Мапруза Кадешевна өңіріміздің  мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан зор үлесі үшін "Шапағат" медалімен марапатталған.
  2. Шумаева Марина Ромбековна– Балалар өнер мектебінің жоғары санатты вокал оқытушысы; республикалық және халықаралық конкурстардың жүлдегерлері атанған бірқатар тәрбиеленушілерге жол ашқан білікті жетекші.
  3. Ляпунова Анастасия Витальевна– «Viva voice» ән-студиясының жетекшісі, «Алтын Самрук» және «Make it shine» Республикалық конкур-фестивальдарының ұйымдастырушысы.
  4. Кунафин  Асқар– Ауған соғысының ардагері.
  5. Айтбаев Совет Муратович– Ауған соғысы ардагерлер кеңестігінің орынбасары.
  6. Төлепбергенов Самат Әскерғазыұлы– Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Сайысқа қатысушылар - орындаушылық шеберлік,сахналық мәдениет, әртістік қабілет сияқты басты өлшемдер бойынша бағаланды.

Байқау күнінің ән сайысына орта жас санаты мен вокалдық топтар қатысты.  Жүлделі орындар келесідей бөлінді:

11-14 жас арасындағы категория:

Бас жүлдені-  Дауылбаева Аружан, №2 ЖОББМ КММ;

I орынды– Медет Ильсиара, «Lira voice» ән-студиясы.

II орынды– Оралбекова Гүлназ, № 26 мектеп;

Бейсембаева Еркежан, №21 ЖОББМ.

III орынды- Пермхан Нурали, №3 ЖОББМ,

 Шарипханов Мирас, Знаменка мектебі.         

Жүлделі орындар үшін  сайыс өте тартысты болды. Барлық қатысушылардың вокалдық қабілеттері өте жоғарғы деңгейде болды. Бірақ барлық сайыскерлерден  қазылар алқасы үздіктердің ең үздігін  анықтады.

Ансамбль, трио, дуэт категориясында:

ІІІ орынды– Ансамбл, №19 ЖОББМ.

II орынды- «Тумар» Ансамблі,№21 ЖОББМ.

I орынды -  «Сункар» триосы, «Айналайн» ән-студиясы.

Гран-при - «Намыс» квартеті, «Айналайын» ән-студиясы.

6-10 жас арасындағы категория:

ІІІ орынды – Серикжанов Елнар, Бөкенші мектебі; Каиргазиева Сая, №3 ЖОББМ.

ІІ орынды – Курмангазы Ботагоз, Шәкәрім атындағы көпбейінді гимназия.

Ержанулы Диас, №7 ЖОББМ.

І орынды – Смагулулы Даулет. №3 мектеп-интернаты.

Гран-при - Тлеш Малика, №37 гимназия.

Барлық қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.