Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Үздік Ұланбасы – 2020»
14-02-2020 17:09
«Үздік Ұланбасы – 2020»

Балалар мен жастардың  шығармашылық сарайының   №1 корпусының ұйымдастыруымен  Волонтер жылы аясында Семей қаласы бойынша «Жас Ұлан» республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер Көшбасшыларының арасында мектепішілік өзін-өзі басқару «ҮЗДІК ҰЛАНБАСЫ-2020» қалалық байқауы болып өтті.

Өскелең ұрпақ бойына өнеге мен үлгі беретін  «Үздік Ұланбасы» байқауы қаламызда тұңғыш рет өткізілді.

Байқаудың мақсаты:

- Семей қаласының "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының талантты және шығармашылықпен жұмыс істейтін көшбасшыларын анықтау және қолдау, жасөспірімдер арасында белсенді өмірлік ұстанымы бар ҚР табысты азаматының бейнесін қалыптастыру.

-    жасөспірімдердің ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту; көшбасшылар қызметінің тәжірибесін анықтау және тарату; ерікті Волонтерлік қызметті дамыту және әлеуметтік міндеттерді шешуге көшбасшылардың  санын көбірек тартуға жәрдемдесу.

Байқауға қаламыздың үздік  ұланбасылары өз мектептерінің намысын белсенді түрде қорғай білді. Байқау  3 кезең бойынша өткізілді:

«Шығармашылық сәлемдесу» кезеңінде қатысушылар әр түрлі бағытта өздерін өнерлерімен таныстыра білді. Бірі ән арқылы жеткізсе, бірі өз өлеңі арқылы көрермендер ықыласына бөленді.  «Сауатты логистика» бөлімінде тарих, әдебиет және логикалық сұрақтарға жауап берген соң, бірден "Егер мен волонтер болсам..." деген тақырыпта Стенд-ап турына көшті. Бұл кезеңде ұланбасылар өз ойларын, ұсыныс, пікірлерін ашық, әрі көрермендерге қызықтырақ қылып жеткізді. 

Үш кезеңде жинаған ұпай сандары  бойынша байқау қорытындысы шығарылып, жеңімпаз анықталды. 

Жоғары ұпай санымен №18 ЖОББМ ұланбасы Абыкасымова Рита «Үздік ұланбасы» номинациясына ие болды. Қатысушылардың барлығы түрлі номинациялармен марапатталды.

Марапат соңында  ұланбасылар өзара кеңесіп жақсы пікірлерімен бөлісті. Көрермендер көңілі  жағымды эмоцияларға  толы болып, бір-бірімен жақын танысып алдағы уақытта осындай іс-шаралар жиі болуын айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.