Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Балабақшада мультфильм жасау
17-02-2020 10:43
Балабақшада мультфильм жасау

Болашақ бүгіннен басталады.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілердің іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруда әртүрлі ақпарат көздеріне қызығушылығын арттыру, жаңа ақпарат алу міндеті қойылған. Мектеп жасына дейінгі ұйымдарда ақпараттық технологияны қолдану арқылы балалардың зияткерлік белсенділігін және ғылыми техникалық мақсатын жүзеге асыру барысында ЖШС «Ақылтай» балабақшасы мультфильм жасау жобасын перспективалық жоспарға сәйкес өтпелі тақырыптар арқылы жүзеге асыруда. Балалармен  мультфильм жасау барысында олардың кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға бағытталған педагогикалық ұжыммен әдістемелік жұмыстар жүргізіледі. Білім беру процессіне жаңашыл  ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы мастер класстар өткізіледі. Балабақшада балалармен мультфильм жасауда цифрлық технологияларды кеңінен  қолданылады. Мультфильм жасау - бұл кішкентай бала үшін ең құнды тәжірибе - өзін еңбек пен өз эмоцияларын салған басқа әлемді құрушысы ретінде сезінеді. Мультфильмдерді шығару кезінде балалардың белсенділігін, дербестігін және жауапкершілігін артырады. Балабақша ұжымы біздің болашақ жолымыз бүгіннен басталатынын біледі.