Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Білім беру мекемелерінің мектеп мұражайларының байқау-конкурсының қорытындысы
17-02-2020 15:43
Білім беру мекемелерінің мектеп мұражайларының байқау-конкурсының қорытындысы

Мектеп оқушыларының патриоттық сезімдерін, отансүйгіштігін, оның өткеніне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу, зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірге Семей қаласының мектеп мұражайларының арасында байқау-конкурс өткізіліп, оған №2,12,13,16,21,23,29,30,33,41,42, №37 гимназия, Шүлбі мектеп-кешені, Пригород, Знаменка, Бөкенші, Түрксіб, Шақаман және Жарқын жалпы орта білім беретін мектептерінің 19 мұражайы қатысты.

 Аталмыш мұражайлардың тіркелген мектеп мұражайы паспорты бар. Олардың қызметі «Мектеп мұражайының үлгілік Ережесіне» сәйкес жүргізіледі. Оқушылар мұғалімдердің басшылығымен ғылыми-зерттеушілік, іздестіру-жинақтау, экспозициялық, көпшілік-ағарту жұмыстарын жүргізеді. Барлық мұражайларда экскурсиялардан басқа батылдық, ержүректілік сабақтары, ұмытылмас даталарға сынып сағаттары өткізіледі.

Байқау нәтижелері бойынша «Т.Аманов атындағы №16 ЖОББМ» КММ «Үздік мұражай» номинациясын иеленді, №37 гимназия және № 30 ЖОББМ -І орын берілді,  № 29 «Пальмира» және №12 ЖББОМ - ІІ орын, №42 ЖОББМ- ІІІ орын, ауыл мектептері арасында Түрксіб ЖОББМ –І орын, Шүлбі мектеп-кешені -ІІ орын, Шақаман ЖОББМ – ІІІ орынды жеңіп алды.

Байқау қатысушылары грамоталармен марапатталды.