Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Халық қаһарманы» генерал-лейтенант Б. Ертаевтың жүлдесіне арналған әскерге шақырылатын жастар арасында әскери-спорттық жарыс
18-02-2020 10:33
«Халық қаһарманы» генерал-лейтенант Б. Ертаевтың жүлдесіне арналған  әскерге шақырылатын жастар арасында әскери-спорттық жарыс

2020 жылы 17 ақпан айында Балалар мен жастардың шығармашылық сарайының №1 корпусында  Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл, жауынгер- интернационалист, «Халық қаһарманы» генерал-лейтенант Б. Ертаевтың жүлдесіне арналған    әскерге шақырылатын жастар арасында әскери-спорттық жарыс өткізілді.

   Жарысқа Семей қаласы мектептері, лицей оқушылары және әскери спорттық клубтарынан 150 оқушы  қатысты.

Жарыстың салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер ардагерлері, ұлттық «Ұлан» әскерінің ардагері, Семей қаласының Ауғанстан соғысының ардагері Ахметов М.О. қатысты.

Жарыс үш сайыс түрінде өткізілді:

  1. Пневматикалық мылтықтан ату.
  2. Оқжатарға оқты жарақтау.
  3. Автоматты толық емес бөлшектеу және жинақтау.

 Бас төрешілер алқасының шешімі бойынша командалық есепте:

I-орын Бұлақ ЖОББМ командасы  АӘТД пәні оқытушы- ұйымдастырушы Бекбосынов Қ.А

II-орын  №22 мектеп лицейі командасы АӘТД пәні оқытушы- ұйымдастырушы Кобелеков О.О

III- орын Назарбаев Зияткерлік мектеп командасы АӘТД пәні оқытушы-ұйымдастырушы Мухамадиев К.Д.

Барлық жүлдегерлерге  диплом, медальдар мен кубоктар табыс етілді.