Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Жас көркемсөз оқу шеберлерінің «Абай әлеміне саяхат» атты сайысы
18-02-2020 16:27
Жас көркемсөз оқу шеберлерінің  «Абай әлеміне саяхат» атты  сайысы

Қалалық Білім мұражайында «Абай әлеміне саяхат» атты жас көркемсөз оқу шеберлерінің сайысы болып өтті. Сайысқа затон ауданы мектептерінің оқушылары  қатысты.

 Сайыстың мақсаты:

- балалардың  шығармашылық  қабілеттерін дамыту;

- Ұлы Абай өлеңдері мен қара сөздерін жас ұрпақтың бойына сіңіру;

-  жаңа  дарындарды  анықтау және тіл мәдениетін көтеру;

Жас мөлшері 6-7 сынып оқушыларынан  құралған 15 сайыскер өзара бақ сынасты. Шығарманың тақырыбы Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай ақын шығармаларынан  әр сайыскер өз мүмкіндігінше бір шығармадан мәнерлеп оқыды. «Ой жүйрік» кезеңінде сайыскерлер экранда берілген сурет арқылы ақын шығармаларын мүлтіксіз тауып, жоғарғы деңгейде өнерлерін көрсете білді.  

Сайыскерлер үшін негізгі сын ол - тақырыптың ашылуы, көркемсөз оқудың мәнерлілігі және тыңдаушыға жеткізе білуі шарт болды.

Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды №15 ЖОББМ оқушысы Нұрмұхамбетов Ілияс иеленді. № 29 ЖОББМ оқушысы Нұрмұхаметова Сымбат пен №47 ЖОББМ оқушысы Айтышева Назгүл 2-орын иегері атанды.

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.