Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
XXIV «Жас өрен» қалалық оқушылар айтысының қорытындысы
18-02-2020 17:33
XXIV  «Жас өрен»  қалалық оқушылар  айтысының қорытындысы

2020 жылғы 17 ақпанда Ұлы  Абайдың  175  жылдығына  орай Қалалық мәдениет үйінде Семей қаласының білім бөлімі мен «Халықтық ақындар» орталығының  ұйымдастыруымен  дәстүрлі  XXIV «Жас өрен» қалалық оқушылар  айтысы болып өтті.

«Жас өренге»  алғаш қатысқан жас ақындардың тұсауы кесіліп, келісті сөз саптауларымен көрермен көңілінен шықты.

Байқау қорытындысы бойынша - Бас жүлде иегері  №15 орта мектептің оқушысы Ақтілек Жұмағалиев;

 -І орын иегері  №47 мектептің оқушысы  Назгүл Айтышева;

- ІІ орын иегерлері № 2  мектеп оқушысы  Дамир Жаппаров және Пригород мектебінің оқушысы Аяжан Акашева;

- ІІІ орын иегерлері Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның оқушысы   Жанель Төлеуғазиева, № 33 мектептің оқушысы Айдос Фазылов,  №42 мектептің оқушысы Мадияр Бәкімбаев;

Байқауға қатысушы жас ақындар қалалық білім бөлімінің грамоталарымен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін  қалалық «Жас өрен»  оқушы ақындар айтысы жас ұрпақты тәрбиелеуде ұлтымыздың тіл байлығын, сөз мәйегін ұғындырып, тәуелсіздікті баянды етіп, жас таланттардың шығармашылығын дамыту және қолдауда өз ықпалын тигізіп келеді.