Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
АБАЙ ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ
19-02-2020 14:25
АБАЙ ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ

Биылғы жылдың ақпан айының 15-16-сы күндері Алматы қаласында қазақтың бас ақыны  Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына  орай «MÁŃGlLIK EL JASTARY»қоғамдық қорының ұйымдастыруыменөткен І республикалық «АБАЙ ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ» аттыбайқауға Экономикалық лицейдің 5-6-сынып оқушылары қатысып келді. Байқау екі бағытта өтті. Біздің оқушылар  «Абай Құнанбайұлының қара сөздеріндегі афоризмдерді талдау олимпиадасы» бағытына қатысып, бақ сынасты. Олимпиада   қорытындысы бойынша Аханова Балауса (62-топ) І орын, Слям Айзат (62-топ) ІІ орын, Худайкулов Сұлтанбек (63 топ) ІІ орын, Асылғазы Жәнібек  (61-топ) ІІ орын, Әділбеков Әлинұр (61-топ) ІІ орын,  Мұзаффарова Маджида (51-топ) ІІІ орын,Абдраимова Айдана (61-топ) ІІІ орын, Дюсенғазы Санжар (61-топ) ІІІ орын, Тұрсын Шәкәрім (63-топ) ІІІ орынға ие болды. Барлық оқушылар«MÁŃGlLIK EL JASTARY» қоғамдық қорының арнайы лауреаттық дипломдарымен  марапатталып,  Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «ТӨСБЕЛГІ» мен бағалы сыйлықтарға ие болды.  Сонымен қатар байқауға шәкірт дайындап қатыстырған ұстаздары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.С. Аманбаеваға «АЛҒЫС ХАТ» берілді.