Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Аймақтық компонентті қолдана отырып, балалар музыка мектебі мен балалар өнер мектептеріндегі оқу үрдісін жаңа шығармашылық мазмұнмен байыту» тақырыбында семинар
19-02-2020 16:10
«Аймақтық компонентті қолдана отырып, балалар музыка мектебі   мен балалар  өнер мектептеріндегі оқу үрдісін жаңа шығармашылық мазмұнмен байыту» тақырыбында семинар

Абайдың 175 жылдығына орай  «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Семей қаласының №1 балалар музыка  мектебінде «Аймақтық компонентті қолдана отырып, балалар музыка мектебі   мен балалар  өнер мектептеріндегі оқу үрдісін жаңа шығармашылық мазмұнмен байыту» тақырыбында қалалық әдістемелік семинар өтті.     

Семинарға қаланың  балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінен 57 мұғалімі қатысты. Семинарлардың лекторлары мен жетекшілері - Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті мен Семей қаласы М.Төлебаев атындағы музыкалық колледжінің жетекші мамандары, сонымен қатар №1 БММ орыс ұлт аспаптар бөлімі   оқытушысының классикалық / алты ішекті / гитара  сыныбында тәжірибе алмасуы өтті.

Семинар жұмысы барысында қазақ композиторларының репертуарын және қазақ халық музыкасын таңдау мен зерделеу мәселелері талқыланды. Арнайы пәндер сыныптарында, ұжымдық музыка және музыкалық-теориялық пәндер сыныптарында осы репертуарды талдаудың және одан әрі жұмыстың ерекшеліктері қарастырылды.

Семинар соңында жұмыс нәтижелері шығарылды. Жаңа форматта өткізу жоспарланған келесі семинардың тақырыбы, мақсаты мен міндеттері туралы пікірталас өткізілді. Қолдау көрсеткендері  үшін барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!