Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Жас музыкант» байқауының қалалық туры
19-02-2020 16:20
«Жас музыкант» байқауының қалалық туры

14.02.2020  жылы Семей қаласының №1 балалар музыка мектебінде Қазақстан Республикасы балалар музыка мектебі мен балалар өнер  мектебінің фортепиано және хор ұжымдары  оқушылары арасында 53-ші республикалық «Жас музыкант» байқауының қалалық туры өтті.

Байқауда №1 балалар музыка мектебі , Tатар өнер мектебі және  балалар  өнер мектебінен  140 –қа жуық  қатысушылар өз бақтарын сынады.

Әсіресе Хор ұжымдары  үйлесімді және ашық  орындады. Байқаудың әділқазылар алқасында  М.Төлебаев атындағы музыка училищесінің  жетекші мамандары  жұмыс істеді.  Фортепиано бөлімі бойынша : «Арнайы фортепиано» ПЦК төрағасы Ж.А.Оразгалиева мен бөлім оқытушылары Р.Г.Смык және Ф.К.Мансурова  бағалады. Хор ұжымдарын:  Мәдениет саласының  үздігі,С имфониялық оркестрдің дирижеры «Хор» пәнінің оқытушысы , Б.К. Распеков  пен бөлім оқытушылары З.И. Габитова және  С.С. Исмайлов  бағалады.  Биылғы байқау марапатына енгендер : Бас жүлде -1,    І  орын- 7,    ІІ  орын - 5, ІІІ орын - 2 , IV орын -2 .