Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Білім алушыларды қоғамдық қызметті ұйымдастыруға ынталандыру» тақырыбында «Мектеп өмірінен бір күн» жобасы
20-02-2020 09:14
«Білім алушыларды қоғамдық қызметті ұйымдастыруға ынталандыру» тақырыбында «Мектеп өмірінен бір күн» жобасы

Қазіргі заман балаларын  өзі үшін маңызды және басқаларға пайдалы болу ниеті біріктіреді, олар қоғамда қамқорлық, түсіністік пен ілтипатты қажет етеді. Бүгінгі күнгі балалар қозғалысы олардың қажеттіліктерін, мүдделері мен таланттарын іске асыруға өз еркімен қатысуынан көрінеді. Мұндай іс-әрекет қоғамдық қызметке қатысу арқылы іске асырылады және  мектептің тәрбие жүйесіндегі маңызды орындардың бірін алады.

Қазіргі уақытта білім бөлімінде келесі жобалар іске асырылуда: «Абай әлеміне саяхат», «Тәлімгерлік», «Студенттер-мектепке», «Домбыра», «Бейіндік алаңдар», «Мектеп медиациясы». Мектеп өмірінен бір күнді көрсету мақсатында  2020  жылғы 18 ақпан күні № 10 ЖОББМ қала мектептерінің ата-аналар қауымдастығы үшін  қалалық іс-шара өткізіліп, онда оқушылар өздерінің  қоғамдық қызметке қатысуларын көрсетті. 

Осы жобалардың кейбірін іске асыру бойынша келесі алаңдар жұмысы ұсынылды:

  • биылғы жыл Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналғандықтан, іс-шараны № 16 мектеп оқушыларының «Абай әлеміне саяхат» клубы бастады;
  •  № 49 мектептің «Жас сарбаз» сыныбы бөліммен бірлескен жұмыстарын көрсетті;
  • Тәлімгер, кәсіпкер, Қазақстан спидкуберлері федерациясының президенті Арман Машимов кәмелетке толмаған, КТІБ есебінде, мектепішілік есепте  тұрған балалар туралы, ал Жанболат Тоқсанбаев, ШҚО бойынша Шинкиокушинкай каратэ федерациясы филиалының басшысы өзінің балалармен тәлімгерлік жұмысы жайында айтты;
  •  № 18 және 9 мектептердің «Адал ұрпақ» клубы, «Жас ұлан», «Жас қыран» балалар қозғалысының оқушылары отырыс өткізіп және еріктілер Жылы аясында мектепте қандай жұмыстар жүргізетіндерін көрсетті;
  • № 6 гимназия оқушылары «Отбасы орталығы» қоғамдық қорымен және ата-аналармен бірге отбасылық тәрбие мәселелерін талқылдады;
  • Пригородный мектебінің оқушылары «Исток» «Балалар және жастар шығармашылығы Орталығы» қоғамдық қорымен мектеп орманшылығын сақтау бойынша бірлескен жұмыстарын көрсетті;
  • № 25 мектеп медиаторы ата-аналарды мектеп медиациясының жұмысы, медиацияның мақсаты кінәлілерді іздеу емес, керісінше туындаған жағдайдан шығу жолдарын іздестіру екендігінен хабардар етті. Сондай-ақ оқушылармен «Құқықтық тәртіп» мектеп клубының жұмысын жинақтау бойынша коучинг ұйымдастырылды.

    № 3 ЖОББМ «Жасыл мектеп» қоғамдық-экологиялық жобасының
12 бастамасы» жобасының  балалар және отбасылық шығармашылығының «Екінші өмір сыйлаймыз» көрмесін ұйымдастырды.