Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығаруына арналған әскери-спорттық сайысы»
20-02-2020 09:42
«Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығаруына  арналған   әскери-спорттық  сайысы»

19.02.2020 жылы  «№20 жалпы  орта   білім   беретін дамыта  оқыту  мектеп» КМ  мекемесінде  Ауған жерінен Кеңес әскерінің  шығарылғанына 31 жыл толуына  байланысты қалалық  іс-шара   өткізілді. Жарыста  №20  ЖОББДОМ «Толағай»  және №30 ЖОББМ әскери - спорттық  командалары  күш  сынасты.

Іс-шараға  қатысушылардан басқа  Ауған  соғысының ардагерлері   Акимов Мухамеджан Мансурович,  Корпешов Нурлан Рымжанович,  Семей  қаласының қорғаныс істерінің басқармасының  бөлімше  бастығы Турскелдиев Медет Болатович қонақ  ретінде   қатысты.

№41 мектептің алғашқы әскери және технологиялық даярлық  ұйымдастырушысы,  запастағы майор,  қорғаныс министірлігінің ардагері – Жоломбетов Сәбит Орынбекович және  №33 мектептің алғашқы әскери және технологиялық даярлық  ұйымдастырушысы – запастағы майор– Канапиянов Адиль Кадылович әділқазылар   алқасының  мүшесі  болды.

Қалалық  іс-шараны №20 ЖОББДОМ алғашқы әскери және технологиялық  даярлық  ұйымдастырушысы Сатпаев  Данияр  Аскербекович дайындап өткізді.

Жарыстың салтанатты  ашылуында  Ауған  соғысы  туралы қысқаша  ақпарат  берілген  соң, Ауған  соғысында  қаза  болған  Отан қорғаушыларға  бір минуттік  Еске  алу  және  Асқарқызы Әминаның  орындауында  ән  арналды. 

Іс-шара  барысында  командалар Калашников автоматының толық емес  бөлшектеу  мен  құрастыруы,  «Магазинның»  жабдықтарын  бөлшектеу, Дартс атуы сайыстары  бойынша жарысты.

Іс-шара  қорытындысы бойынша  № 20  мектептің командасы І   орынға,  № 30 мектептің  командасы ІІ   орынға ие  болды. Жеке   көрсеткіштер  бойынша  үш  жарыстың  бәрінде  №20 ЖОББДОМ  8 «Б»  сынып  оқушысы  Амиров  Данияр үздік  көрсеткіштер  үшін  грамотамен  марапатталды.