Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Бағдарлама жасау, 3D үлгілеу, спорттық робототехника бойынша қалалық чемпионат
20-02-2020 18:15
Бағдарлама жасау, 3D үлгілеу, спорттық робототехника бойынша қалалық чемпионат

2019 жылғы 15, 17, 18 ақпанында Семей қаласының бағдарламалау, 3D модельдеу,  спорттық робототехника, бойынша облыстық чемпионаттың қалалық кезеңі өтті. Чемпионатқа 300-ден астам оқушы қатысты. Чемпионат Цифрлы Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілді.

Чемпионаттың өткізілу мақсаты:

  • Облыс мектептері оқушыларының шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін жандандыру және дамыту үшін жағдай жасау;
  • Қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау, оларды одан әрі дамыту үшін жағдай жасау;
  • Білім алушыларда нақты кәсіби жағдайларда міндеттерді практикалық шешу және техникалық құрылғылармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
  • Жоғары технологиялық өндіріс, инновация және инженерлік әзірлемелер саласында оқушылардың мүдделерін ынталандыру.

 

Спорттық робототехника үш номинация бойынша өткізілді:

10+ жас санатында:

- "Желі бойынша жарыс»;

– "Сумо»;

– "Кегельринг»;

 

14+ жас санатында:

– "Кегельринг-шаршы»;

– "Робосумо адасқан Роботтар»;

– "Танк биатлоны".

 

Облыстық кезеңінде чемпионаттың жеңімпаздары қала намысын қорғайды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және келешекте табыс тілейміз!