Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
#Hello ВКГТУ таланттар фестивалі
25-02-2020 16:59
#Hello ВКГТУ таланттар фестивалі

Жақында біздің мектеп түлектері Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің  #Hello ВКГТУ атты таланттар фестивалін тамашалады.

Семей қаласының мектеп түлектері Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің  жанындағы мектептердің декандары, декан орынбасарларымен қызу әңгіме жүргізді. Университеттің оқу және әдістемелік жұмыс бойынша проректоры Жадыра  Конурбаевадан оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.

Университет ішіндегі жоғарғы IT- колледжінің директоры оқушыларға колледжде білім алып, ары қарай университетте жалғастыру жолдарын ұсынды.  

Кездесу барысында мектеп түлектері Университет тарихымен танысып, білім беру бағдарламалары, болашақтағы мамандықтар, екі диплом алу, академиялық мобильділік, әскери кафедраға өту жолдары, жатақханада тұру жағдайларымен танысты. 

Сондай-ақ, Университетпен тығыз байланыста жұмыс жасаған № 6 гимназия, № 49,34 26  мектептердің директорлары алғыс хаттарға ие болды.

Іс-шараға қатысқан оқушылар  ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.