Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Open day Baby care»
26-02-2020 16:48
«Open day Baby care»

Бірнеше сағат ішінде қала балабақшаларының әдіскерлері "Baby care" балабақшасының Ашық есік күнінде тәрбиешілерімен және мамандарымен өткізілетін ашық іс-шараларға қатысып, әңгімелесіп, сұрақтар қойды.

Балабақша 2017 жылдан бастап жұмыс істейді, 275 орындық 11 мектепке дейінгі топтары бар, 60 қызметкер жұмыс істейді.

Қонақтар алдымен "Балабақшадағы жаңашыл технологиялар: Робототехника, Лекотека, Ритмопластика, Денсаулық сақтау" презентациясымен танысты, топтардағы ұйымдастырылған оқу қызметінің ашық көріністеріне қатысып, "Инновациялық технологиялардың білгірлері» атты іскерлік ойынға қатыса алды. Балалар мен тәрбиешілердің шығармашылығын үлкен қызығушылықпен көрді. "Қуаныш тобы", "Махаббат тобы"," Достық тобы"," Қамқорлық тобы " және т. б. қызықты аттармен  аталған  балабақша топтарының жұмысымен таныстыру экскурсия қатысушылардың көңілін көтеріп, қызықтырды.

Іс-шара соңында қонақтар педагогикалық ұжымға білім беру мекемесімен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен, тәрбие-білім беру үрдісінің міндеттерімен кеңінен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді. Ең маңыздысы - балалар өмірінің атмосферасын сезініп, робототехниканы, ритмопластиканы, лекотеканы пайдаланудың жаңа педагогикалық технологияларымен  танысты.