Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Жаратылыстану пәндері бойынша вебинар
26-02-2020 17:16
Жаратылыстану пәндері бойынша вебинар

2020 жылдың  25 ақпан күні Шәкәрім  атындағы үштілде оқытатын көпбейінді гимназияның   жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытудың әдіс-тәсілдерін  химия пәні мұғалімі А.С. Зейтова «ІІ-топ элементтерінің химиялық қасиеттері» тақырыбында CLIL әдістемесін қолдану арқылы тіл дамыту», информатика пәні мұғалімі Кунафина М. «Информатика пәнінде CLIL әдісін қолдану үрдісі» тақырыптарында қала деңгейінде  іс-тәжірибелерімен вебинар арқылы әріптестерімен бөлісті.

Информатика пәні мұғалімі СLIL – ді өзінің сабағында қолдану үрдісімен таныстырды. Жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ жоспарына 4С элементтерін пайдаланудың маңыздылығына тоқталды. «Language Triptych» терминін сабақ барысында тиімді қолдану мен LOTs  және HOTs ойлау деңгейлері арқылы білім алушыларға берілетін тапсырмалардың түрлері талқыланды.  Matching, fill gap,  marking  деген қарапайым тапсырмалардан жоғарғы ойлану деңгейлеріне бағытталған  «Tarsia» белсенді әдісі ұсынылды.

Formulator Tarsia программасы арқылы термин сөздерді, анықтамаларды фигуралардың ішінде жазып, сәйкестендіре отырып, сыни ойлауға, топпен жұмыс жасауға негізделді. Программада жұмыс жасау жолы толығымен көрсетілді.

            Химия пәні мұғалімі Зейтова А CLIL әдістемесін қолдану арқылы тіл дамытудың мүмкіндіктерін атай отырып, қысқа мерзімді жоспар құру кезінде «4С» бағытында қалай жұмыс жасау керектігін ұсынды. Ұйымдастыру кезеңінде, алдыңғы білім деңгейлерін бақылау үшін «Домино» әдісін қолдану арқылы төменгі және жоғарғы ойлау деңгейлеріндегі сұрақтар көрсетілді, топтық жұмыста «4С» бағытындағы сыни тұрғыдан ойландыру үшін миға шабуыл ретінде «Сәйкестендіру» әдіс-тәсілі арқылы заттарды ұялас топтарына жіктеу арқылы бөлуге болатынын ,сommunication – бағытында берілген заттар мен тақырыптың қандай байланысы бар екендігі сұралып, білім алушылардың жоғары ойлау деңгейлері, тілдік құзіреттіліктері артатыны аталынды. Culture – бағытында білім алушылар арасында магнезия, кальций сүті және гипстің қолданылатын аймақтары, болашақта қандай роль атқаруы мүмкін екендігі туралы дискуссия түрінде өткізу ұсынылды.