Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі
27-02-2020 12:43
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі

2020 жылғы 26 ақпанда Өскемен қаласы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында құндылық бағдарларды қалыптастыру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, шығармашылық іс-әрекетінде өзін-өзі қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсету, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау арқылы балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру мақсатында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі  өтті.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының қала, аудан білім беру мекемелері және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден 140 астам оқушы қатысты. Алты оқушыдан құралған 9-11 сыныптардың командасы Семей қаласының намысын қорғады. Оқушылар пән бойынша үздік білімдерін көрсетті. Аслан Буланбаев (11 сынып, №27 ЖОББМ)  І орынды иеленіп, жеңімпаз атанды.  Жүлделі ІІ орынды Алсу Амренова (10 сынып, Семей қаласының №6 гимназиясы) иеленді. ІІІ орынды иеленген оқушылар: Раушан Оразбаева (9 сынып, Т.Аманов атындағы №16 ЖОББМ), ҚұралайСайлаубаева (10 сынып, Т.Аманов атындағы №16 ЖОББМ).    Милана Бакшина (9 сынып, Н.Г.Чернышевский атындағы №1 ЖОББМ),   Аида Каримоваларға (11 сынып, Семей қаласының №6 гимназиясы) Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне белсене қатысқаны үшін сертификаттар табысталды. 

Дарынды балалармен жүйелі және мақсатты түрде жұмыс жүргізетін мұғалімдерді атап өтуге болады. Олар: Шынар Серікқалиева(№27 ЖОББМ), Нариман Сакин (Семей қаласының №6 гимназиясы), Гульназ Торсыкбаева  (Т.Аманов атындағы №16 ЖОББМ),    Дина Садвакасова (Т.Аманов атындағы №16 ЖОББМ), Валентина Романенко (Н.Г.Чернышевский атындағы №1 ЖОББМ).