Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Абай бар»
04-03-2020 17:49
«Абай бар»

Абай Құнанбаевтың 175-жылдық мерейтойына және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында 2020 жылдың 3 наурызында «№35 ЖОББМ» КММ «Абай мұрасы арқылы өскелең ұрпақтың жаңа сапасын қалыптастыру» тақырыбында тәжірибе алмасу іс-шарасы өтті.

Іс-шараның мақсаты Абай мұрасы арқылы жас ұрпақтың санасына ұлтжандылық пен адамгершілікті сіңіру арқылы жоғары интеллектуалды жастарды тәрбиелеу болып табылды.

Іс-шараға қатысушылар  «Абай әлемі» клубының жұмысымен танысып, сыныптан тыс іс-шаралар мен ашық сабақтарға қатыса алды.   Қонақтардың назарына «Абай ақын, аудармашы», мектепалды даярлық сынып оқушыларының қатысумен көркем – театрландырылған қойылым, «В созвучии муз бессмертно имя твое Абай!» жоғары сыныптардың қатысуымен әдеби кеш, «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан!» заманауи және классик жақтаушылары арасындағы дебат ұсынылды.

Келген қонақтра әр түрлі алаңда спорттық іс-шаралар, көңілді үзілістер, «Апамның ыстық бауырсақтары» жайдарманшылар командасының көрінісі, «Адал ұрпақ»  және «Жас сарбаз» клубтарының жұмысы, «Парасаттылық мектебі», робототехника үлгілерін көрсету және де оқушылардың қолөнер жұмыстарын тамашалады.

Белсенді және жемісті күннің соңында әр түрлі деңгейдегі конкурстардың жеңімпаздары қонақтарды өздерінің жарқын қойылымдарымен қуантып жағымды әсер қалдыра білді. Соңында рефлексия өткізілді, онда келген қонақтар іс-шара туралы көрген, естіген әсерлерімен бөлісіп, оң пікірлерін білдіріп, алғыс айтты.