Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Медиация
05-03-2020 11:07
Медиация

Медиация — үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі. Медиацияны қолданудың бір бағыты - білім беру, атап айтқанда мектептер. Білім беру жүйесінде жұмыс істейтін жұмысшылар туындаған күрделі қақтығыс жағдайларын әрқашан шешуде. Ең алдымен мектеп ішіндегі медитацияны жүзеге асыратын №15 және № 25пилоттық мектептер болып табылды.  Жақында бұл жоба Семейдегі барлық мектептерде жүзеге асырыла бастады.

Өз тәжірибесімен бөлісу, нормативтік құжаттармен таныстыру үшін № 25 орта мектебіне  мүмкіндік туды, оған мектеп орташылығына жауапты қаладағы барлық мектептердің өкілдері шақырылды. «Мектеп медиациясы – сұхбаттасу және келісімге келу іс-тәжіриебесі» атты семинарға қатысқандар: Семей қаласының білім бөлімінің білім беру секторының басшысы М.Д. Байтабанов; Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының № 2 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Байжуманова Р.З. Тренинг-семинарды «№ 25 орта мектеп» КММ директоры Ж.М.Раимбекова ашып, «Құқық және тәртіп» клубының жұмысын, мектептің медиация жобасының нәтижелерімен таныстырды. Семинар 3 алаңда өтті: 1. «Медиация қызметі: мақсаттары, міндеттері, ұйымдастырылуы, қызметі» жауапты Куанышбаева А.А., 2. «Медиация және білім беру ұйымдарындағы жанжалды талдау» жаупты О. Кузнецова, 3 Коучинг - «Құқық тәртібі» клубының жұмысы «Анапьянова Ш.К.

Қорытынды сөзде судья Р.З. Байжуманова кәмелетке толмағандардың құқықтары мен қорғау саласындағы ағымдағы жағдай туралы қысқаша таныстырып, құқық бұзушылық статистикасы мен жанжал жағдайларын реттеуші ретіндегі мектеп медиациясының рөліне тоқталды. Өз кезегінде Мадияр Даулетович семинарды ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысын білдіріп, мұндай семинарлар мектептегі жанжалды жағдайларды барынша азайтып, оларды бейбіт жолмен шешетініне сенім білдірді.