Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Инклюзивті білім беру - тәжірибеге толы семинар-тренинг
10-03-2020 12:55
Инклюзивті білім беру - тәжірибеге толы семинар-тренинг

Елімізде 2011 жылдан бастап  инклюзивті білім беру мемлекеттік бағдарламасы кезең -  кезеңімен енгізілуде.  Осы инклюзивті білім беруді жүзеге асыру мақсатында 4 наурыз 2020 жылы  «№ 42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ – де «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға  қолдау көрсетудің тиімді жолдары» атты қалалық семинар өтті.

Бұл семинарда  инклюзивті және арнайы түзеу сыныптарымен жұмыс барысында  бір жақсы нәтижеге қол жеткізуде  қандай әдіс- тәсілдерді қолдана білу керектігі  туралы тәжірибе таратылды. Оны арнайы мамандардың, пән мұғалімдерінің  өткізген «Lesson study» зерттеу сабақтарынан, SMART минут, шеберлік сыныптарынан, семинар-тренинг және коучингтерінен көрінді. 

Семинарда жоғары оқу орындарымен тығыз байланыстың көрініс табуы да ерекше болды.  Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінің аға оқытушылары Б.К.Оспанова, А.А.Лекерова, Н.А.Рахимжанованың  инклюзивті білім беру саласындағы мұғалім мен ата-ананың қарым-катынасы, инклюзивті білім беру жағдайында педагогтің психологиялық мәдениетін көтеру жолы туралы жасаған  баяндамалары тиімді болды. Семинарға қатысушылар өзара тәжірибе алмаса отырып, ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға психологиялық – медициналық – педагогикалық қолдау көрсетудің тиімді жолдары туралы тереңірек білді.

Арнаулы түзеу сынып оқушыларының өнері мен істеген жұмыстары, мерекелік концерті де көңіл қуантарлық жағдай болды.