Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Жыл сайынғы ғылыми-техникалық шығармашылығының көрме-байқауы
03-03-2020 17:17
Жыл сайынғы ғылыми-техникалық шығармашылығының көрме-байқауы

Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында ғылыми-техникалық шығармашылық бойынша робот техникасы, бағдарламалау, техникалық моделдеу көрмесі өтті. Көрме оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын насихаттау, зерттеу және рационализаторлық жұмыс дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық әлеуеті бар жалпы білім беретін мектептердің, мектептен тыс ұйымдардың, дарынды балалардың үздік жұмыс тәжірибесін анықтау және насихаттау мақсатында өткізіледі.

Көрмеге 160-тан астам оқушы қатысып, 130 байқау жұмыстарын ұсынды. Робототехника саласының әртүрлі жобалары, 3 D бағдарламасында жасалған және 3 D принтерде басып шығарылған, механикалық ойыншықтар, виртуалды нақтылық жобалары, кеме және авиа модельдеу модельдері және т.б. ұсынылды. Көрме жеңімпаздары мадақтама қағаздарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс пен жаңа жобалар тілейміз!