Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қалалық семинар
13-03-2020 18:30
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қалалық семинар

Жуырда №47 жалпы орта білім беретін мектеп педагогтерінің өзара іс-тәжірибелерімен алмасу мақсатында «Мұғалім шеберлігі – ізденіс нәтижесі» тақырыбында қалалық семинар өтті. Бұл іс-шараға қала және қала маңындағы мектептерден бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Іс-шараны ашылу салтанатында әдіскер Г.Молдаханованың алғы сөзі тыңдалды. Ол іс-шараның бағдарламасымен таныстырды. «№47 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ директоры А.Идрисов мектепте атқарылып жатқан жұмыстар және мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктерімен таныстырып өтті. Оқу жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Б.Тоқажанова бастауыш сынып әдістемелік бірлестіктің жұмысын, Ж.Советова мен Б.Тулендинова «Шығармашылық шеберханасы» көрмесі арқылы оқушылар мен ата-аналардың бірлесе жасаған жұмыстарын көрсетті.

Семинардың бағдарламасына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдері А.Кусайнова, Н.Бөкембаева, Т.Дастанова, А.Ахмадиева ашық сабақтар өткізді. И.Кәкімжанқызы, Л.Нургалиева, Н.Ибраева «3-4 сынып оқушыларын математика пәнінен олимпиадаға дайындау жолдары мен тәсілдері», Ж.Мукужанова, Н.Жакупова «Инклюзивті білім беру – өмір қажеттілігі», Л.Муканбаева, Г.Серекбосунова «Жаратылыстану пәні бойынша білім алушылардың ғылыми – зерттеушілік дағдыларын дамыту ерекшеліктері», К.Майданова, А.Сыгаева «Шығармашыл педагог, ізденімпаз шәкірт» тақырыбында  шеберлік сыныптарын көрсетті. Г.Амиржанова, Б.Балғабаева «Шәкірт жетістігі – мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен шеберлігінің жемісі» тақырыбында бастауыш сыныптарының ғылыми жоба жеңімпаздары жұмыстарын көрсетіп, іс-тәжірибелерін ортаға салды. Семинар қорытындысы «Абай деп соққан жүректер» атты концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, «Ашық микрофон» алаңымен аяқталды.