Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай тоғызқұмалақтан қала-мектеп оқушылары арасындағы қашықтықтан өткен жарыстың қорытынды
04-05-2020 12:34
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай тоғызқұмалақтан қала-мектеп оқушылары арасындағы қашықтықтан өткен жарыстың қорытынды

Балалар мен жастардың шығармашылық сарайының ұйымдастыруымен, 2020 жылдың сәуір айының 30 күні тоғызқұмалақтан қашықтықтан жарыс өтті.  Жарысқа қызығушылық білдіріп 56 оқушы қатысты. Жарыс http://www.iggamecenter.com  сайт арқылы ойнатылды. Жарыс кезінде балалар қызығушылық танытып, ережені сақтап отырды. Жарысқа қала мектептерінен 2008 жылғы және одан төмен қарай жасөспірімдер екі топқа бөлініп  қатысты.

Жалпы жарыстың қорытындысы бойынша, жүлделі орын иегерлері анықталды.  І орынды №19 орта мектеп оқушысы Болатбек Перизат, ІІ орынды №18 орта мектеп оқушысы Құмарбекова Гүлданажәне ІІІ  орынды №44 орта мектеп оқушысы Абылқасымова Рымгүлиеленді. ІІ топ бойынша  І орынды №4 орта мектеп оқушысы Аққан Альгиз, ІІ орынды №5 орта мектеп оқушысы Оразай Алиханжәне ІІІ  орынды №44 орта мектеп оқушысы Бақыш Нұрали иеленді. Жарыс жеңімпаздары мадақтама грамотасымен марапатталды.