Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Ерліктеріңіз өшпейді! Даңқтарыңыз мәңгі!».
08-05-2020 10:36
«Ерліктеріңіз өшпейді! Даңқтарыңыз мәңгі!».
Қала мектептері ата-аналар қауымдастығының Кеңесі Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында   «Есте сақтау үшін!» қайырымдылық акциясын өткізді.Акция аясында  соғыс ардагерлері: Баиров Кампетай Дуйсенович , Антонов Тимофей Фомич, Кириченко Павел Дмитриевич, Баларов Григорий Васильевич, Карабаева Валентина Михайловнаның үйлеріне барып, құттықтап қайтты.
Ата-аналар қауымдастығы мүшелері ардагерлерді  келе жатқан Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, гүл шоғын, сыйлықтарын табыстады, ардагерлерге зор денсаулық, береке, ұзақ ғұмыр, әрдайым көтеріңкі көңіл-күй тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Ардагерлеріміз өздерінің біршама құрметті жастарына қарамастан бәрі естерінде, олар  өткен соғыс жылдарын, сондағы даңқты әскери жолдарын, ерліктерін еске алып, бүгінгі күні жас ұрпақтың оларды ұмытпай еске алып, құрмет көрсетіп отырғандарына өз ризашылықтарын білдірді.
Еліміздің тарихы қарапайым оқиғалардан, жеңіс үшін бәріне дайын болған  қарапайым адамдардан құрылады. Жыл санап ардагерлеріміздің саны азайып барады, сондықтан осындай кездесулер жас ұрпақты  патриоттық сезім мен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуде өте маңызды.