Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
11 сынып оқушыларымен онлайн режимде кездесу
13-05-2020 12:05
11 сынып оқушыларымен онлайн режимде кездесу

2020 жылғы 12 мамыр күні білім бөлімінің басшысы Н. А. Фесенко Семей қаласының мектеп бітірушілерімен онлайн-кездесу өткізді.  

         Н. Фесенко  биылғы жылы 1640 оқушы мектеп бітіретіндігін, оның ішінде «Алтын  белгі» белгісіне - 72, үздік аттестат алуға  -83үміткер бар екенін айтып өтті.                          

         9, 11 сыныптарда қорытынды аттестаттау жылдық бағалар негізінде жүргізіледі, емтихандар өткізілмейді. Баға жылдық бағалар негізінде  аттестатқа қойылады.

          Онлайн-тіркеуден өткен 1417 (85,4%) оқушы ҰБТ қатысады.  

Қазіргі уақытта мектеп бітірушілердің Ұлттық тестілеу орталығының сайтында сынама онлайн тестілеуден тегін өту мүмкіндіктері бар. Бұл деген -балаларға ҰБТ дайындық кезінде үлкен көмек көрсетеді.

         Шәкәрім атындағы СМУ жанындағы ҰБТӨП басшысы Б. Ж. Кожебаев ҰБТ өткізу ережелерімен толық таныстырып, ҰБТ өткізу мерзімі 2020 жылғы маусым айының 20 мен шілде айының 5 аралығына белгіленгенін айтты.   ҰБТ өткізу форматы бұрынғы қалпында қалдырылды. Тек қосымша санитарлық шектеу шаралары енгізілетін болады.  

Мектеп бітірушілердің білім беру гранттарын тағайындау ережелері, ҰБТ тапсыру кезінде әрбір мамандық бойынша  бейіндік пәндерді жіктеу туралы сұрақтарына ҚАҚМЗИУ тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры А. Б. Базенов, Семей қаласының Медициналық университетінің түлектерді жұмысқа орналастыру жөніндегі бас маманы
Э. М. Турарова жауап берді.  

Онлайн-кездесуге  500 жуық мектеп бітіруші қатысты. Жалпы, онлайн режимдегі кездесу іскерлік және сындарлы жағдайда өтті.