Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Ұлы ерлік әндері!
12-05-2020 17:40
Ұлы ерлік әндері!

Балалар мен жастардың шығармашылық  сарайында ҰОС-ның 75 жылдығына орай "Ұлы Ерлік Әндері!" атты әскери әндер сайысы өтті.

Сайыс үздік музыкалық-поэтикалық шығармашылық үлгілерінде жас ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру; әскери-патриоттық әндерді насихаттау және дәріптеу; Отанымыздың қаһармандық тарихын көркем құралдармен насихаттау; орындаушылық шеберлікті арттыру мақсатында өткізілді.

Әскери әндердің қашықтықтын өткен  сайысына  қала мектептерінің №1,12, 37 гимназия, Экономикалық лицей оқушылары, сондай-ақ "Альянс", "Милана плюс" ""Юна" вокалдық студияларының тәрбиеленушілері қатысты. Сайысқа қатысушылар 6 жастан 10 жасқа дейін, 11 жастан 14 жасқа дейін және 15 жастан 17 жасқа дейін, 3 жас категориясында өнер көрсетті. Барлық вокалистер өздерін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.