Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Оқу жылының аяқталуы туралы
14-05-2020 19:54
    Оқу жылының аяқталуы туралы

Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Н. Фесенко білім беру мекемелерінің оқу жылын аяқтау бойынша жұмысы туралы айтып берді:Екінші  ай балалардың оқуы бейдәстүрлі нысанда қашықтық режимде өтіп жатыр. Бастау қиын болды, бірақ педагогтер мен ата-аналардың күшімен біз барлық қиындықтарды жеңіп келеміз.

4 тоқсан аяқталуға жақындап, қорытынды жұмыстарды тапсыратын уақыт келді.  1 сыныптар мен 10 сыныптарда 15 мамырға дейін бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізілсе, ал 18 мамырдан бастап тоқсандық жиынтық бағалау өткізілетн болады. БЖБ және ТЖБ тапсырмалары өтілген материалдар негізінде құрылады. Оқушылармен кері байланыс «Күнделік» және балаларға ыңғайлы басқа платформалар арқылы жүзеге асырылатын болады.  1-4 сыныптарда, олардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып, уақыт белгіленбейді, ал 5-10 сыныптарға 40 минут беріледі. 11 сыныптар әлі жаңартылған білім мазмұнына көшпегендіктен, олар үшін қорытынды бақылау жұмыстары өткізіледі.

Білім Министрлігінің бұйрығы бойынша 9, 11 сыныптарда қорытынды аттестаттау жүргізілмейді, ал қорытынды бағалар жылдық баға негізінде қойылатын болады. Сәйкесінше осы бағалар аттестатқа жазылады.

Бұл 11 сыныптарға осы уақыт ішінде 20 маусым мен 5 шілде аралығында өткізілетін ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалу мүмкіндігін берді. Биылғы жылы 1640 оқушы мектеп бітіреді, оның ішінде 1415 оқушыұлттық бірыңғай тестілеу тапсыру үшін порталға тіркелді. Қазіргі уақытта олар бар күштерін салып тестілеуге дайындалып жатыр, сонымен қатар олар үшін тестілік тапсырмалардың 70 нұсқасы әзірленген республикалық ұлттық орталық сайтында жұмыс істеуде. Педагогтер оқушылар үшін топтық және жеке кеңестер өткізуде.

Оқушылардың 4 – тоқсан бойы қашықтан оқуы және карантиндік іс-шаралардың әлі аяқталмауына байланысты, жыл сайын өткізілетін соңғы қоңырау мерекесі өткізілмейді. Соңғы қоңырау тек аттестаттарды тапсыру және кейіннен мектеп түлектері аллеясын отырғызумен мектеп бітірушілер үшін ғана өткізіледі.

         Ата-аналарда балабақшалардың ашылуы бойынша көптеген сұрақтар туындауда. Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі балабақшалардың жұмысын қайта бастау алгоритмін әзірледі. Қазіргі кезде балабақшалар балаларды қарсы алуға дайындалып, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алайда, Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Г. Ж. Тагаеваның 2020 жылғы 11 мамырдағы № 7 қаулысына және туындап отырған эпидемиологиялық ахуалға сәйкес балабақшалардың ашылуы кейінгі мерзімге қалдырылды. Балаларды балабақшаға қабылдау ережелеріне өзгерістер енгізілді: бірінші кезекте қабылданатын жеңілдік санатына педагогтердің балалары мен мүгедек баласы бар отбасыларының балалары енгізілді.

                Ата-аналарда туындайтын тағы да бір сұрақ–бұл 1 сыныпқа қабылдау. Білім туралы заңға сәйкес 1 сыныпқа қабылдау 1 маусымнан 30 тамызға дейін жүргізіледі. Құжаттар тізімі ата-аналарға білім бөлімінің сайтында берілген. Қазір базаға енгізу үшін барлық құжаттарды дайындап қою қажет. Өзгерістер туралы хабарлайтын боламыз.

Осындай қиын уақытта, қысқа мерзім ішінде қайта бейімделіп және барлық күш-жігерлерін қашықтан оқытуға жұмсаған қаланың барлық педагогтеріне алғыс айтқым келеді.

Ата-аналардың көмегінсіз бұл жұмысты ұйымдастыру мүмкін емес еді. Осыған байланысты, барлық ата-аналарға ерекше алғыс. Балаларға оқу жылын сәтті аяқтауға, мектеп бітірушілерге ұлттық бірыңғай тестілеуді сәтті тапсырып, мақсаттарына жетулеріне тілектеспін!