Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Оқу жылы аяқталуға жақын...
16-05-2020 18:22
Оқу жылы аяқталуға жақын...

Оқу жылы аяқталып, көптеген сұрақтар туындайды; бағалар қалай қойылар екен, емтихандар ше, ал мектеп бітіру кеші болар ма екен, ҰБТ қалай тапсырамыз, оқуға қайда баруға болады?

Бүгін қала мектептері оқушыларының 300 астам ата-аналарының көптеген сұрақтарына он-лайн режимде білім бөлімінің басшысы
Наталья Анатольевна Фесенко,  ШҚО БССҚД басшысы Зейнеп Абдыжусуповна Махсутова, Шәкәрім атындағы СМУ рекрутинг және жұмысқа орналастыру Орталығының басшысы Шаяхметов Ержан Ярнарович, Шәкәрім атындағы СМУ ҰБТӨП басшысы Болатбек Жанахметович  Кожебаев, ҚАЗМЗИУ тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі проректоры  Айрат  Базенович Базенов жауап берді.

Мамырдың 18 мен  22 аралығында 11 сынып оқушылары үшін қорытынды бақылау жұмыстары өткізілетін болады. Мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттауы  білім министрінің бұйрығы бойынша өткізілмейді.

         Қазіргі уақыттағы жағдайды ескере отырып, жалпы орта білім туралы аттестат тапсыру ағымдағы жылдың маусым айының 3 -  4 күндері  мектеп қабырғасында, көп қонақ шақырылмай, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, өткізіледі. Ал аттестат тапсыру мерекесін өткізу концепциясына сәйкес аттестат табысталғаннан кейін, мектеп түлектері ағаш отырғызуға қатысады. Бұл мереке мектеп бітіруді білдіретіндіктен, балаларға мектеп формасымен келу ұсынылды.

11 сәуірге дейін мектеп бітірушілерді ұлттық бірыңғай тестілеуге тіркеу жүргізілді.  Қаланың 1640 мектеп бітірушілерінің 1415 (85,4%) ҰБТ тіркеуден өтті.   72 оқушы оқуын «Алтын белгіге», 83 -   үздік аттестатқа аяқтайды. 

20 мамырдан 5 маусымға дейін ҰБТ өткізіліп, оның қорытындысы нәтижесінде мемлекеттік гранттар беріледі. Бірінші тестілеу (ақылы) қаңтар айында өткізілді, бұл ҰБТ үшін алынған сертификаттар ескеріліп, жоғары оқу орнына түсу кезінде қолдануға болады, бірақ гранттар тек маусым айының ҰБТ бойынша ғана бөлінеді.  

ШҚО ЖОО түсу үшін 400 жетім бала мен аз қамтылған балаларға ШҚО әкімінің грантын бөлу жоспарланып отыр.

Ата-аналардың назары ҰБТ тапсыру ережелерін сақтауға аударылды, атап айтқанда ҰБТ тапсыру кезіндегі мінез-құлық ережелерін бұзу жағдайында акт жасалып және қатысушының нәтижесі жойылады.

СМУ ҰБТӨП басшысы  Болатбек Жанахметович Кожебаев ҰБТ Шәкәрім  атындағы университет және ҚАЗГМИЗУ базасында 20 маусым мен 5 шілде аралығында өткізілетіндігін айтты. ҰБТ өткізу нысаны өзгерген жоқ: 5 пәннен өткізіледі, оның ішінде 3 пән міндетті және 2- оқушының таңдауы бойынша. ҰБТ жүргізуге енгізілген кейбір түзетулер елімізде орын алған жағдайға байланысты: оқушылар онлайн тіркеуден өткізілді, тестілеуден өтетін әрбір оқушыға жеке кабинеттер құрылды, онда қатысушылар ҰБТ тапсыруға рұқсаттама ала алады. Тестілеу қатысушылар үстелдерінің арақашықтығы 2 метрден кем болмау шаралары сақталынатын аудиторияларда өткізіледі. ҰБТ өткізу кезінде медициналық қызметкерлердің кезекшілігі ұйымдастырылатын  болады. Аппеляцияға беру рәсімі биылғы жылы тестілеу өтетін күні қашықтық режимде жүргізілетін болады. Шәкәрім атындағы СМУ рекрутинг және жұмысқа орналастыру Орталығының басшысы Ержан Ярнарович Шаяхметов және ҚАЗМЗИУ тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі проректоры Айрат  Базенович Базенов қазіргі уақытта сұранысқа ие мамандық түрлерімен (IT- мамандар, компьютерлік аппараттық қамтымды әзірлеушілер, инженерлер және басқалар) таныстырып, білім беру бағдарламаларының түрлері, бейіндік пәндер, жоғары оқу орындарына түсу кезіндегі шекті деңгей туралы айтты.  ҚР ұлттық жоғары оқу орындарына түсу кезіндегі грант бойынша конкурсқа қатысу үшін шекті деңгей 65 балдан кем емес, «Педагогикалық ғылым», «Ауыл шаруашылық және биоресурстар», «Ветеринария» сияқты білім салалары бойынша 60 балдан кем емес, ал өзге ЖОО түсу үшін – 50 балдан кем болмауы тиіс. Бұл Қазақстанның университеттеріне, институттарына ақылы (коммерциялық) негізде  өту ұпайы.

           Кездесу барысында ата-аналардың қатысушыларға және білім бөлімінің басшысына скайп арқылы сұрақтар қою (40 астам сұрақ түсті) және оларға жауап алу мүмкіндігі болды. Кездесу соңында білім бөлімінің басшысы қатысушыларға тікелей эфирдегі осындай кездесулер білім бөлімінің  Facebook және  Instagram  әлеуметттік желілері парақтарында  бірнеше рет өткізілетіндігі туралы айтты. Өз кезегінде ата - аналар өте пайдалы кездесу ұйымдастырылғаны үшін зор алғыс білдірді.