Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Отбасы сағаты»
16-05-2020 20:25
«Отбасы сағаты»
2020 жылдың 11-15 мамыр аралығында Семей қаласының сынып жетекшілері Халықаралық отбасы күніне арналған республикалық «Отбасы сағаты» акциясын қашықтықтан өткізді. Акцияның мақсаты- отбасылық тәрбие мен отбасылық құндылықтар туралы түсінік қалыптастыру, оқушыларды  отбасы алдындағы жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу, адамгершілік нормалары мен әдептері туралы білімдерін кеңейту.
Алдын ала дайындық жұмыстары ата-аналар мен балалардың  өз отбасы , отбасылық құндылықтар туралы бейнероликтер түсіріп, презентациялар жасауы болды (#otbasysagaty). Бастауыш сынып оқушылары арасында қашықтықтан «Отбасы балалар көзімен» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. 5-8 сынып оқушылары «Менің отбасым» тақырыбында шағын шығарма жазып, өз жұмыстарында ата-аналарынан ата-бабалары, шығу тегі туралы мәліметтерді сұрастырып, отбасылық шежіремен танысты, отбасылық жәдігерлерді жинау, отбасының әрбір мүшесінің жетістігін мақтан тұтып қана қоймай, әулиетіне лайықты азамат болу керек деген қорытынды шығарды. Қыздарымыз «аспаздық шеберліктерін» онлайн форматта көрсетіп, рецептерімен бөлісті. Мектеп психологтары 8-11 сынып оқушыларына Бала құқықтары туралы конвенция тақырыбында онлайн-әңгімелесу жүргізіп, отбасындағы құқықтар мен міндеттер жөнінде ой бөлісті. Оқушылар мен ата-аналар барлық онлайн конкурстарға жоғары қызығушылықпен қатысты.
15 мамыр- Халықаралық отбасы күні мерекесіне орай, қала мектептерінің ата-аналар қоғамдастығының мүшелері үйде оқитын балаларға тәттілер мен  жемістерден тарту жасап, зор денсаулық, оқуда табыс пен жарқын болашақ тіледі.
Апта қорытындысы әр ата-ананың баласына деген ізгі тілегін білдіретін «Балаға көңіл-күй сыйла!» акциясымен аяқталды. Акция барысында әр ата-ана балаларға оқуды ойдағыдай аяқтап, көтеріңкі көңіл-күй, қастарында әрдайым  сенімді достар болуын тіледі.