Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Семей қаласының мектепалды даярлық тәрбиешілері шығармашылық тобының қашықтан оқытуға көшу жағдайында білім беру мекемелеріне көмегі
20-05-2020 11:34
Семей қаласының мектепалды даярлық тәрбиешілері шығармашылық тобының қашықтан оқытуға көшу жағдайында білім беру мекемелеріне  көмегі

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен «Қашықтықтан оқыту аясында мектепке дейінгі білім беру» тақырыбында облыстық on-line вебинар өткізілді. Іс-тәжірибемен алмасу мақсатында аталмыш іс-шараға Семей қаласының мектепалды даярлық топ тәрбиешілері  Татьяна Веселова (№32 ЖОББМ),Наталья Благих (№43 ЖОББМ) қатысты. Т.Веселова мектепалды даярлық топ тәрбиешілерінің шығармашылық тобының жұмысы, шығармашылық топтың оқытудың қашықтық түріне көшу жағдайында педагогтерге көмегі туралы айтып өтті. Семей қаласының мектепалды даярлық топ тәрбиешілерінің әдістемелік бірлестік жұмысына Татьяна Петровна Веселова (№32 ЖОББМ) және Айнаш Нурбековна Абеуова (№25 ЖОББМ) жетекшілік жасайды.  

7 жыл бойы мектепалды даярлық топ тәрбиешілеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында құрамына тәжірибелі педагогтер енгізілген шығармашылық топ жұмыс жасайды және predshkola.semey@mail.ru электрондық поштасы ашылып, онда педагогтердің жұмысына қажетті материалдар орналастырылған.  Өткізілген іс-шаралар туралы ақпаратты топ білім бөлімінің сайтына, «Семей қаласының мектепалды даярлық тәрбиешілері» Instagram парақшасында жариялайды.

Семей қаласының шығармашылық тобы тарапынан қашықтан оқыту кезеңінде білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне көмек көрсетіліп отырды. Демалыс кезінде «Қоршаған ортамен танысу»,   «Сауат ашу  негіздері», «Қарапайым математикалық ұғымдарын  қалыптастыру» негізгі пәндер бойынша бейнесабақтар құрастырылып, жинақталды.

Топ өз жұмысын әлеуметтік желілер (WhatsApp чаты, Telegram,  байланыс) арқылы жүзеге асырады. Педагогтерге, ата-аналарға күнделікті кеңестер беріледі, тапсырмалар, фотолар, оқыту бейнелері, жаттығулар бар карточкалар, ойындар орналастырылады.