Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын қазіргі жағдайда жүзеге асыру» атты аймақтық семинар
22-05-2020 11:52
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын қазіргі жағдайда жүзеге асыру» атты аймақтық семинар

«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен педагогтерге әдістемелік көмек көрсету және тәрбиелеу мен оқыту жүйесіндегі білімнің құндылықтық әлеуетін өзектендіру мақсатында Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарының білім беру мекемелері мен колледждерінің  «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері үшін 2020 жылғы 19 мамырда онлайн форматында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын қазіргі жағдайда жүзеге асыру» тақырыбында аймақтық семинар өткізілді. Аталмыш іс-шараға «Бөбек» орталығының қызметкерлері, білім басқармасының өкілдері, білім беру мекемелерінің басшылары, тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары, «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері қатысты.

Семинарға Семей қаласынан «№30 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ директоры А.Мирсаитова, «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдеріВ. Романенко (Н.Чернышевский атындағы №1 ЖОББМ), М.Шакиртова (№38 ЖОББМЛ),  Т.Турганбаева (№15 ЖОББМ), Н.Сакин (Семей қаласының №6 гимназиясы) қатысты.

Іс-шарада «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру, қашықтықтан оқыту жағдайында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша сабақтардың тиімді әдістері, 5-11 сынып оқушыларының жобалық жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері, отбасында балаға берілетін құндылықтардың маңыздылығы туралы және т.б. мәселелер қарастырылды.  

Кері байланыс кезінде қатысушылар семинардың маңыздылығын атап өтті, сауалнама толтырды.