Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Соңғы қоңырау-2020»
25-05-2020 22:03
«Соңғы қоңырау-2020»
Биылғы жылы коронавирустық пандемияға байланысты Семей қаласының жалпы  орта білім беретін мектеп оқушыларына арналған «Соңғы қоңырау» іс-шарасы ZOOM, Skype, мессенджеров WhatsApp, Telegram, Facebook мессенджерлері арқылы онлайн режимде өтті.
Осы жылы мектепті 1640 оқушы аяқтап отыр.
Оқушылар, ұстаздар және  ата-аналар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.Ахметовтың құттықтауын тыңдады. Қала педагогтері де балаларды құттықтап, қашықтықтан оқу режиміндегі тынымсыз еңбектері үшін алғыстарын білдірді, сонымен қатар балаларға жазғы демалыстарын көңілді өткізіп, тынығып, күзде алтын ұя мектептеріне аман-есен оралуын тіледі.
Оқушылар да өздерінің «Ұстаздарға мың алғыс» тақырыбындағы бейнероликтерінде ұстаздарына алғыстарын білдіріп, еңбектеріне  табыс тіледі. Сынып жетекшілері балалармен бірге олардың жыл бойындағы қатысқан іс-шаралары, жобалары, конкурстері мен жеткен жетістіктері туралы бейнероликтер дайындап  көрсетті. Оқушыларға жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтап, әсіресе, судағы қауіпсіздікті сақтау тәртібі ережесін, жол ережесін сақтау туралы, көшеде дұрыс жүріп-тұру тәртібі, коронавирустың алдын алу шараларын сақтау қажеттігін ескертті.
Сынып сағатының соңында әр оқушы «Соңғы қоңыраудың» белгісі ретінде қоңырау соқты.
1-10 сынып оқушыларының, «Алтын белгі» иегерлерінің «Бірге-білімнің жаңа шыңдарына» #алтынбелгімектепСемей2020  хэштегімен әлеуметтік желілерде құттықтау челленджі бастау алады.