Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
1 маусым – балаларды қорғау күні
02-06-2020 11:15
1 маусым – балаларды қорғау күні

Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын.
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын!

1 маусым – балаларды қорғау күні, балдай тәттібалалық шақ мерекесі. Барлық балалар жаз мерзімінасыға күтеді. Себебі тек жайма шуақ  жылы күндер ғана емес, сонымен қатар көптен күткен тамаша жазғы демалыс та басталады.

Жыл сайынғы дәстүр бойынша Семей қаласының облыстық балалар биологиялық орталығы қала тұрғындары мен қонақтары үшін есігін айқара ашып, табиғат қоршаған таңғажайып әлемде дем алуларына мүмкіндік берді. Келушілер жануарларды, иісі аңқыған гүлдерді, әнші құстардың тамылжыған әуенін тамашалады. Табиғатпен қарым-қатынас адамдардың мейірімділік пен жауапкершілік сезімдерін оятады, ал балалар үшін бұл нағыз қуанышқа толы мерекеге айналды.

Біз сіздерді көз тартарлық табиғат аясында күтеміз! Бос уақыттарыңызды өздеріңіз және балаларыңыз үшін қызықты да маңызды өткізуге шақырамыз!