Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Қымбатты түлектер! Құрметті ата-аналар және педагогтер!
03-06-2020 12:13
Қымбатты түлектер! Құрметті ата-аналар және педагогтер!

       Бүгін бізде ерекше күн.  Біздің түлектеріміз мектеппен – қызықты да, ұмытылмас мектеп өмірімен қоштасады. Біз толғана күтетін бұл күн, салтанатты да, сонымен қатар көңілге аздап қаяу салатын, сіздер үшін соңғы қоңырау соғылатын, өздеріңіздің туған мектептеріңіздегі соңғы вальс айналатын күн. Бір жағынан, бұл қоштасу күні болса, екінші жағынан – сіздердің үлкен өмірге алғашқы қадамдарыңыз. 

        Бұл оқу жылы мектеп оқушылары үшін жаңа форматта оқумен ұзақ естерінде қалады. Осы қашықтан оқу кезеңінде, өздеріңіздің өте тәртіпті және жоғары уәждемелі балалар екендіктеріңізді көрсете білдіңіздер.   Оқу жылын сәтті аяқтау – бұл қымбатты балалар, құрметті педагогтер мен әрине, ата-аналар Сіздердің әрқайсыңыздың еңбегіңіз.

     Елімізде орын алған жағдайға қарамастан мемлекетімізде осы күндері республика бойынша мектеп түлектері үшін аттестаттар табыстау және соңғы қоңырау мерекесіне арналған «Birgemiz: ТҮЛЕК -2020»  салтанатты шарасын өткізу шешімі қабылданды.

     Қымбатты түлектер! Сіздердің алдарыңызда ҰБТ тапсыру міндеті тұр, көпшілігіңіз алдағы жоспарларыңызды анықтап, кейбіріңіз әлі де ой үстіндесіздер. Балалар, шешім қабылдап, ештеңеден жасқанбай, әлі ешкімнің қолы жетпеген биіктерге жетуге тырысыңыздар!

      Құрметті ата-аналар және педагогтер! Қымбатты балалар! Білім бөлімінің атынан Сіздерді меркелеріңізбен құттықтауға рұқсат етіңіздер.  Педагогтер мен ата-аналарға ерекше алғыс сөздерін арнағым келеді. Сіздердің шыдамдылықтарыңыз, түсіністіктеріңіз бен қолдауларыңыз,
11 жыл бойы өзіміздің өскелең ұрпақты ынтымақтастықта тәрбиелеп және оқытуға қосқан үлестеріңіз үшін көп рахмет. 

        Қымбатты түлектерімізге барлық арман-тілектеріңіз орындалсын демекпіз. Балалар, Сіздерге алдағы өмірлеріңізде тек сәттілік, жаңа жетістіктер, бақыт тілейміз!

                   Білім бөлімінің басшысы                                  Н. Фесенко