Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Балалар идеясы – Мәңгілік елге» республикалық қоғамдық балалар бастамалары байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы
04-06-2020 16:13
Балалар идеясы – Мәңгілік елге» республикалық қоғамдық балалар бастамалары байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

Халықаралық балаларды қорғау күні аясында 2020 жылдың 1 маусымында жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептердің 5-11 сынып оқушылары арасында «Балалар идеясы – Мәңгілік елге» республикалық қоғамдық балалар бастамалары байқауының облыстық кезеңі қашықтықтан өткізілді.

               Байқауға «Балалар идеясы – Мәңгілік елге» тақырыбында ауылдағы әлеуметтік жағдайды жақсартуға, балалардың өзін-өзі дамытуына және әлеуметтік маңызды нәтиже алуға бағытталған, іске асырылған немесе іске асырылу процесіндегі балалардың әлеуметтік бастамасының сипаттамасы ұсынылды.

     Байқау қорытындысы бойынша №38 мектеп-лицейінің 4 қатысушысы жеңімпаз бен жүлдегер атанды I орын - Дуйсенова Аяулым,Есқалиева Ділназ, 9-сынып, IIІ орын - Абилмажинов Нұрбек, Кожабеков  Руслан, 10- сынып оқушылары. 

 Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!