Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Мектеп жанындағы «Радуга» қашықтық лагері
08-06-2020 15:19
 Мектеп жанындағы «Радуга» қашықтық лагері

«№28 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Радуга» қашықтық лагері жұмыс істейді. Оған бастауыш сынып оқушылары күнделікті қатысады Лагерь таңы көңілді жаттығудан басталады, одан әрі балалар қызықты істердің қатысушысы болады. Біздің мектептің ұстаздары өз тәрбиеленушілеріне қызықты әрі танымдық экскурсиялар, викториналар, сайыстар әзірлейді.  Балалар Ф.М. Достоевский атындағы театрға барып, «Алтын балық туралы ертегі» спектаклін қызығушылықпен тамашалады. Мемлекеттік рәміздермен танысып, Қазақстанның сұлу табиғатын тамашалап, жануарлар мен құстар туралы танымдарын кеңейтті. Семей қ. өрт сөндіру-техникалық орталығының мұражайында экскурсияда болып, өрт сөндіру ісінің тарихын зерттеп, өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелерін естеріне түсіріп, жадыларына сақтап қалды,  сурет салудан сайыстар мен викториналарға қатысты.  «Радуга» қашықтық лагерінде балаларымызды әлі де түрлі қызықтар тосып тұр.

  Керемет жаз болсын, балалар!