Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА «ТАБИҒАТТЫ АЯЛА» ЖАС ӨЛКЕТАНУШЫЛАР, ЭКОЛОГТАР МЕН ТАБИҒАТ ЗЕРТТЕУШІЛЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ҚАШЫҚТЫҚ ФОРУМЫ
09-06-2020 17:22
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА «ТАБИҒАТТЫ АЯЛА» ЖАС ӨЛКЕТАНУШЫЛАР, ЭКОЛОГТАР МЕН ТАБИҒАТ ЗЕРТТЕУШІЛЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ҚАШЫҚТЫҚ ФОРУМЫ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында оқушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті тәрбиелеу және туған өлкенің табиғатына экологиялық бағдарлы көзқарасты қалыптастыру мақсатында 2020 жылдың 4-5 маусымында жас өлкетанушылардың, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің «Табиғатты аяла» облыстық қашықтық форумы өтті.        

Облыстың жас экологтары табиғатты қорғау және қорық аумақтары туралы зерттеу жобаларын, аумақты көгалдандыру, абаттандыру бойынша экологиялық жұмыстарды жүргізу бойынша, жобалық ұсыныстарды ұсынды, экодизайнерлер қазылар алқасын табиғи-өсімдік материалдарынан жасалған ерекше жұмыстармен таң қалдырды. Форумға облыстың жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары – аудандық/қалалық және мектепішілік іріктеу кезеңдерінің 159 жеңімпаздары қатысты.

Біздің жеңімпаздарды құттықтаймыз! Өлкетану пен экологияны зерттеуде, табиғи экожүйелерді сақтауда табыстар тілейміз.